×

Президент жарлығымен 2025 жыл Қазақстанда кімдердің жылы аталды

Жарлықтың орындалуын Президент Әкімшілігі  бақылайды

Президент жарлығымен 2025 жыл Қазақстанда кімдердің жылы аталды
Сурет: Akorda.kz

Президент Қасым -Жомарт Тоқаев 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Бүгін Қазақстан Президенті  2025 жыл туралы Жарлыққа қол қойды. Бастаманың мақсаты-жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде реформаларды іске асыру. Президент Үкіметке жұмысшы мамандықтар жылын өткізу үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды”, – делінген хабарламада.

Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне тапсырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →