×

Шавкат Мирзиёев жылдың соңғы күндерінде Назарбаевқа телефон соқты

Сондай-ақ барлық салалардағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы ерекше атап өтілді

Шавкат Мирзиёев жылдың соңғы күндерінде Назарбаевқа телефон соқты
Фото: http://president.uz

 30 желтоқсанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Өзбекстан президентінің ресми сайтында хабарланғандай, 30 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Республикасының экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан халықтарына бейбітшілік, амандық және өркендеу тіледі.

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы тату көршілік, стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастардың қазіргі ең жоғары деңгейі, сондай-ақ барлық салалардағы ынтымақтастықтың қарқынды дамуы ерекше атап өтілді, - делінген басылымда. 

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйек айында бейресми сапарымен Өзбекстанға барған болатын. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол Алматы мен Жетісу облыстарында бірнеше лауазымды қызметтер атқарған
Ол егер «мәміле»  жасасмасақ жақын арада Ресейдің Америка Құрама Штаттарына санкция салмаудан басқа амал қалмайтынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →