×

Мысыр, Хорватия және Португалиядағы Қазақстанның елшілері тағайындалды

Тағайындалған елшілер арасында 3 мемлекеттегі қызметті қоса атқаратындары да бар

Мысыр, Хорватия және Португалиядағы Қазақстанның елшілері тағайындалды
Сурет: Depositphotos

Президент Мысыр, Хорватия және Португалияға жаңа елші тағайындады, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл туралы Ақорда мәлімдеме жасады.


Мемлекет басшысының жарлықтарымен бірқатар мемлекетке жаңа елші тағайындалды:

  • Асқар Жеңіс Қазақстанның Мысырдағы елшісі лауазымына тағайындалды. Бұл қызметті атқарған Қайрат Лама Шариф лауазымынан босатылды.
  • Дәулет Батырашев Қазақстанның Хорватиядағы елшісі болып тағайындалды. Бұл қызметті бұрын Ақылбек Камалдинов атқарып келді.
  • Сондай-ақ Дәулет Батырашев Португалиядағы Төтенше және Өкілетті Елші лауазымынан босатылды. Оның орнына Жан Ғалиев тағайындалды.
  • Қазақстанның Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Талғат Шалданбай Ирак Республикасы және Палестина Мемлекетіндегі елші қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Осыған дейін біз Президент жарлығымен Қазақстанның Мысыр мен Тунистегі және Хорватиядағы елшілері қызметінен босатылғаны жайлы жазған болатынбыз. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды
Бүгін, 00:12

Референдум бойынша алғашқы Еxit poll нәтижесі жарияланды

Сауалнама 200 референдум учаскісін қамты, барлығы 30 мың респондент қатысты
Шетелдік делегация Астана қаласындағы бірнеше дауыс беру учаскесінде болды
Ерлі-зайыптылар дауыс беруге бір жастағы қыздары Томириспен бірге келді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →