×

«Ресей Федерациясы кінәлі екенін сеніммен айта аламын». Ильхам Әлиев апатқа жауаптыларды жазалауды талап етті

«Ресей Федерациясы кінәлі екенін сеніммен айта аламын». Ильхам Әлиев апатқа жауаптыларды жазалауды талап етті
Фото: president.az

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағынына кінәлілерді жазалауды талап етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол бұл апатқа Ресей Федерациясы кінәлі екенін сеніммен айта аламын деп отыр. Әлиев бүгін Бакуде  ұшақ апатынан қаза тапқан экипаждың отбасы мүшелерімен және тірі қалған бортсеріктермен кездесті.

Жақын арада біз алдын ала нәтижені анықтайтынымызға сенімдімін және бәрі орнына келеді деп үміттенемін. Сол кезде қайғылы оқиғаның толық көрінісі белгілі болады. Біз әділдікті талап етеміз, кінәлілерді жазалауды талап етеміз, толық ашықтық пен адамгершілікті талап етеміз, - деді Ильхам Әлиев.

Ол қазір қара жәшіктерді декодтау процесі жүріп жатқанын айтты. Әзербайжан басшысы егер Грозный қаласы әуе кеңістігін жабу бойынша уақтылы шаралар қабылдағанда мұндай қайғылы жағдай болмас еді деп отыр. 

Айта кетсек, ұшақ 25 желтоқсанда Ақтау маңында апатқа ұшыраған еді. Әуе апатынан 29 адам аман қалды. Оларға мемлекет басшысының тапсырмасымен елордадан келген білікті мамандар сапалы медициналық көмек көрсетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
АҚШ 150 елдің тауарларына жаңа импорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр
17.07.2025ж. 09:09

АҚШ 150 елдің тауарларына жаңа импорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр

Президенттік қызметке қайта кіріскелі Трамп сыртқы сауда саясатын қатаңдата бастады.
2006 жылдан 2024 жылға дейін бұл бағдарламамен 1,2 миллион адам Ресейге көшіп барған.
Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.
Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →