×

Тоқаев Азамат Есқараев әділет министрі лауазымынан босатты

Ол Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген

Тоқаев Азамат Есқараев әділет министрі лауазымынан босатты
Фото: primeminister.kz

Әділет министрі болған Азамат Есқараев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының әділет министрі лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Ол 1979 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген.

1996 жылы Алматы қаласындағы ДЭЗ-2 жұмысшысы болып бастады.
2000-2002 жж. – Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы.
2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінде бөлім басшысы, басқарма басшысы.
2003-2005 жж. – Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаменті бөлімінің басшысы.
2005-2006 жж. – Алматы қаласы әкімдігінің бас инспекторы.
2006-2007 жж. – «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметтері департаментінің бас менеджері.
2007 жж. – Әділет министрлігінің құқықтық мәселелері жөніндегі консультанты, Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы.
2007-2008 жж. – Әділет министрінің көмекшісі.
2008-2009 жж. – Әділет министрлігінің Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры.
2009-2014 жж. – Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры.
2014-2019 жж. – Премьер-министр Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2019 жылғы маусымнан бастап – Премьер-министр Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі.
2023 жылы 4 қаңтарда Әділет министрі болып тағайындалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты
16.11.2025ж. 15:00

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты

Қазір Орталық Азия ауқымды трансформация кезеңін өткеріп жатыр
Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, іскерлік топтар арасындағы байланыстарды одан әрі кеңейту қажет.
Өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →