×

Тоқаев жаңа әділет министрін тағайындады

Жаңа министр тағайындалды

Тоқаев жаңа әділет министрін тағайындады
Фото: prosud.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрлігіне жаңа басшысы тағайындады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев 1975 жылы Алматы облысы Талғар ауданы Октябрь ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Радиоинженер» мамандығы бойынша, ал 2000 жылы Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық университетті бітірген.

2002 жылдан 2005 жылға дейін Премьер-министр кеңсесінің қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімінің кеңесшісі, содан кейін сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

2005 жылдан 2011 жылға дейін Сенат аппаратында жұмыс істеді, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени даму комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісі лауазымдарын атқарды.

2011 жылдан 2016 жылға дейін Ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет атқарды, онда ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Заң департаменті бастығының орынбасары және бастығы лауазымдарын атқарды.

2016-2017 жылдар аралығында Парламент Сенатының аппаратына қайта ауысып, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2017 жылдан 2019 жылға дейін Сенат аппараты басшысының орынбасары болды.

2019-2022 жылдары Сенат аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлімді басқарды.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Конституциялық Соттың судьясы болып жұмыс істеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Баку Мәскеуге Әлиевті сөзбен қорлауға жол берілмеуі керектігін ескертті
Бүгін, 22:24

Баку Мәскеуге Әлиевті сөзбен қорлауға жол берілмеуі керектігін ескертті

Кремль Карасевтің сөздерінен хабарсыз екенін айтты
Ол Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген
Бұл туралы елде жалпыхалықтық референдум өтуі мүмкін
Үкімет мүшелері батыл шешім қабылдауы керек -Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →