×

Теннистен қазақ қызы Анталиядағы турнирде чемпион атанды

Теннистен қазақ қызы Анталиядағы турнирде чемпион атанды
Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық жас талантты теннисші Сандуғаш Кенжебаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Ол түркиялық Илай Йорукпен бірге жұп құрап ойнады. Турнирге екеуі екінші ракетка ретінде тіркелді. Кенжебаева мен Йорук жұбы финалда осы жарыстың басты фавориті германиялық Мина Ходжич – швейцариялық Мари Меттраукспен кездесті. Бірінші партияда қазақстандық-түркиялық жұп жеңіске жетті – 6:4. Екіншісінде қарсыластары есе қайырды – 5:7. Ал супер тай-брейкте Сандуғаш пен Илай жеңісті жұлып алды – 10:8.

Тағы бір қазақстандық, 20 жастағы Аружан Сағындықова ресейлік Мария Головинамен бірге Монастир (Тунис) ITF W15 жарысының финалында ұтылып қалды.

Қазақстандық-ресейлік дуэт соңғы бәсекеде ғана словениялық Зива Фолкнер – сербиялық Елена Миловановичке жол берді – 4:6, 4:6.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
01.07.2025ж. 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →