×

Қазақстан мен Ресейдің шекараны шегендегеніне 20 жыл болды

Құрлықтағы ең ұзын осы шекараны бойлай 32 млн адам тұрады

Қазақстан мен Ресейдің шекараны шегендегеніне 20 жыл болды
Ашық дереккөздерден

Қазақстанның Ресеймен іргесін халықаралық норма бойынша бекітіп алғанына 20 жыл толды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады. Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдаған.

– Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.

Мемлекет басшысы көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірген.

Блогер Айбар Олжаев дәл осы күні Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойылған желідегі жазбасында еске салды. Шарт өзін ақтап келеді және Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Әзірбайжанмен шекараларды БҰҰ халықаралық нормаларына сай тастай қылып алғанымыз – 2019 жылға дейінгі биліктің ең ауыз толтырып айтар шаруасы болды дейді.

“Не десек те, географиядан аттап өте алмаймыз. Ресей алып ел. Теріскейде іргелес жатыр. Тарыдай шашылып қалмауымызға жылдар бойы дана дипломатиямыз сеп болып келеді. Алып көршімен шекіспей, қайда іргелестіктің пайда әкелер тұсын іздеп, барынша тырысып келеміз”, – деп жазды блогер.

Шекаралас әріптестік өте тығыз, себебі құрлықтағы ең ұзын осы шекараны бойлай 32 миллион адам тұрады. Экономикалық, өнеркәсіктік, сауда және инфрақұрылымдық байланыстар біте байланған. 2024 жылдың 9 айында ресейлік инвестициялар ағыны 2,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Ресейлік бизнестың отандық экономикадағы күрт артты. Бүгінде Қазақстанда 24 мыңға жуық ресейлік компания жұмыс істейді. Оның 4 мыңы өткен жылы ашылған.

“Қазақстан бұдан профит пен дивиденд ала бастады. Енді арнаулы валюталық режим іске қосылып, ЕАЭС баж салықтары үлесін көбейте алсақ, онда біз алатын плюстер көбейері хақ. Энергетикамызға Ресей үш ТЭЦ салып,  Екібастұз ГРЭС-ін жаңғыртып, еліміздің бірқатар өңірлерін газдандыру арқылы қатысуда. Атом энергетикасы бойынша әріптестікте перспективасы сақталып отыр. Шекара бойынша келісімге 20 жыл толды. Осы келісім мәңгі болсын және ешқашан бұзылмасын деп тілейміз”, - дейді Айбар Олжаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қоғамда жиі наразылыққа ұшырайтын МӘМС қорының басшысы қызметтен кетті
Кеше, 20:53

Қоғамда жиі наразылыққа ұшырайтын МӘМС қорының басшысы қызметтен кетті

Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол мұндай шешімді өз еркімен қабылдаған
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толды
Инженерлік, энергетикалық, әлеуметтік нысандардың құрылысына қаржы қажет

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →