×

Қоғамда жиі наразылыққа ұшырайтын МӘМС қорының басшысы қызметтен кетті

Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол мұндай шешімді өз еркімен қабылдаған

Қоғамда жиі наразылыққа ұшырайтын МӘМС қорының басшысы қызметтен кетті
Фото: instagram.com/skakov_abylkair

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов қызметінен кетті, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол мұндай шешімді өз еркімен қабылдаған. Бұрынғы Павлодар облысының әкімі ӘМҚК-ны 2023 жылдың күзінен бері басқарып келеді.

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. «Экономист және қаржыгер» (Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті), «Заңгер» (Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институты) және «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» (М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті) мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар.

Әбілқайыр Сқақов 1995 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар және Қостанай облыстарының салық органдарында жұмыс істеді. 2006–2008 жылдар аралығында Павлодар облысы денсаулық сақтау департаменті директорының экономика жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

2012-2016 жылдары Қаржы министрлігі жүйесінде, оның ішінде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды. 2016-2019 жылдар аралығында Әбілқайыр Сқақов Қорғаныс министрінің орынбасары ретінде қаржы және экономика мәселелерін басқарды, одан кейін Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы. 2020-2022 жылдары Павлодар облысының әкімі болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Ресейдің шекараны шегендегеніне 20 жыл болды
Кеше, 13:42

Қазақстан мен Ресейдің шекараны шегендегеніне 20 жыл болды

Құрлықтағы ең ұзын осы шекараны бойлай 32 млн адам тұрады
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толды
Инженерлік, энергетикалық, әлеуметтік нысандардың құрылысына қаржы қажет

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →