Дональд Трамп мәселені түпкілікті шешу үшін компаниямен бірлескен кәсіпорын құрмақшы
TikTok әлеуметтік желісі АҚШ аумағында қайта іске қосылатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ресми TikTok әкімшілігі мәлімдеп отыр.
Бұл шешім сайланған президент Дональд Трамптың қолдауынан кейін қабылданды. Дегенмен, қосымша әлі де елдегі қолданбалар дүкендерінде жүктеуге қолжетімсіз.
“Қайта оралуымызбен! Шыдамдылығыңыз бен қолдауыңыз үшін рахмет. Президент Трамптың күш-жігері нәтижесінде Тик Ток АҚШ-та жұмысқа қайта оралды!” – делінген хабарламада.
Дональд Трамп мәселені түпкілікті шешу үшін компаниямен бірлескен кәсіпорын құруды ұсынып отыр.