Дональд Трамп ант қабылдап, ресми түрде АҚШ-тың 47-ші президенті ретінде қызметіне кірісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ұлықтау рәсімі Небраска-Линкольн университетінің бірлескен хоры мен АҚШ теңіз жаяу әскерінің «The President's Own» оркестрінің орындауында музыкалық шығармадан басталды.
Инаугурацияға АҚШ-тың бұрынғы президенттері қатысты. Оның ішінде, Клинтон, Обама, Байден бар.
«АҚШ-тың алтын дәуірі басталды. Бізге бәрі қызығатын болады. АҚШ әрқашан бірінші орында болады», – деп бастады сөзін Дональд Трамп.
Оның айтуынша, АҚШ ұлы бола түседі. «Бұрынғысынан да, тарихтағыдан» да күшті бола түспек. Дональд Трамптың дәуірі – АҚШ үшін ұлттық жетістік дәуірі болмақ.
Негізгі бағыттардың бірі – көші-қон саясатын қатайту болмақ. Трамп заңсыз иммигранттарды жаппай депортациялау туралы өзінің сайлауалды уәделерін растап, «шекараға басып кіру тоқтатылады» және «заңбұзушылар үйге қайтарылады» деп мәлімдеді.
Дональд Трамп АҚШ-тың Панама каналын қайтарып алатынын ашық айтты. Оның сөзіне қарағанда, АҚШ бұл канал үшін қанша адамның өмірін мен қомақты қаржы жұмсаған.