×

Енді полицейлердің адалдығын тест арқылы тексеретін болады

Енді полицейлердің адалдығын тест арқылы тексеретін болады
Фото: gov.kz

Мәжіліс депутаттары полицейлер мен мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби парасаттылыққа тексеру жөнінде заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен азаматтық органдардың қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу мақсатында адалдыққа тексеру жоспарланып отыр. Құжатта олардың құқықтары мен міндеттері реттеліп, тестілеуді өткізу негіздері мен оның нәтижелері бойынша жауапкершілік шаралары қарастырылған.

 Аталған заң жобасы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына негізделіп, Үкімет тарапынан енгізілді. Құжатта жемқорлық фактілерін болғызбау мақсатында құқық қорғау және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін тестілеуді реттейтін нормалар көзделген. Олардың құқықтары мен міндеттері регламенттеліп, тестілеу тағайындау негіздері және тестілеу нәтижелері бойынша жауапкершілік шаралары қарастырылған, — деді Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева палатаның жалпы отырысында.

Бұл тұрғыда қызметінде адал емес қызметшілер уақытылы анықталып, ықтимал сыйбайлас жемқорлық әрекеттерінен қоғамға келетін залалдың алдын алу мүмкіндігі болады.

Бұл өз кезегінде халықтың осы органдарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Ілеспе заң жобасында мемлекеттік құқықтық статистика, құқық қорғау қызметі туралы, дербес деректер және оларды қорғау жөнінде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарға өзгеріс пен толықтыру енгізу қарастырылған. Атап айтқанда, құқық қорғау қызметіне қабылданар алдында үміткер тестілеуге қатысуы мүмкін екендігі туралы алдын ала жазбаша хабардар етіледі. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, — деді депутат.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Бүгін, 13:45

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Түркияда бүгін 22 қаңтар аза тұту күні деп жарияланған
Президент елшілердің ресми түрде дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтаған
Резервтегі әскери қызметшілер басқа әскери қызметшілермен тең дәрежеде болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →