×

Қазақстанда "Резервтегі әскер" қызметі пайда болатын болды

Резервтегі әскери қызметшілер басқа әскери қызметшілермен тең дәрежеде болады

Қазақстанда "Резервтегі әскер" қызметі пайда болатын болды
Сурет: dknews.kz

«Әскери қызмет туралы» заң резервтегі қызмет туралы жаңа тараумен толықтырылатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы заң бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі қабырғасында талқыланып жатыр.

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар 6 кодекс пен 14 заңға 100-ге жуық түзету енгізген.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңның құрылымына мерзімді және келісімшарт бойынша әскери қызметке ұқсас «Резервтегі әскери қызмет» жаңа тарауын енгізу ұсынылды. Ол резервтегі әскери қызметке қабылдау талаптарын, резервтегі әскери қызметшілердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың әскери қызмет өткеру тәртібін реттейді. Сонымен қатар депутаттардың бастамасы бойынша резервтегі әскери қызметшілер басқа әскери қызметшілермен тең дәрежеде әскери қылмыстық құқықбұзушылық субъектілеріне жатқызылады. Бұл ретте Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерде әскери қызметшілердің барлық түріне «әскери қызметші» деген бірыңғай ұғымды қолдану ұсынылады”, – делінген ҚРПарламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Заңмен әскери резервшілерді әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде еңбекақы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары мен жарналары және басқа да төлем мәселелері реттелмек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетін болды
Бүгін, 15:02

Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетін болды

Кеңейтілген отырыста премьер-министр мен Ұлттық банк төрағасы баяндама жасайды
Түркияда бүгін 22 қаңтар аза тұту күні деп жарияланған
Президент елшілердің ресми түрде дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →