×

"Ресей мен Путинге үлкен жақсылық жасайын деп тұрмын". Трамп соғысқа қатысты жоспарын айтты

Ол егер «мәміле»  жасасмасақ жақын арада Ресейдің Америка Құрама Штаттарына санкция салмаудан басқа амал қалмайтынын айтты

"Ресей мен Путинге үлкен жақсылық жасайын деп тұрмын". Трамп соғысқа қатысты жоспарын айтты
Фото: kremlin.ru

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейді Украинадағы әскери қақтығысты тоқтату жөнінде келіссөздер жүргізуге шақырып, дипломатия қажет екенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Мен Ресейге зиян тигізейін деп жатқаным жоқ. Мен орыс халқын жақсы көремін және радикалды солшылдардың жалған айыптауларына қарамастан президент Путинмен әрқашан жақсы қарым-қатынаста болдым, - деді Трамп.

Ол  Ресей 60 000 000-ға жуық адамның өмірін қиған Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге көмектескенін ешқашан ұмытпауымыз керек деп айтты.

Осының бәрін ескере отырып, экономикасы құлдырап бара жатқан Ресейге және президент Путинге үлкен жақсылық жасайын деп тұрмын. Қазір-ақ мәмілеге келіңіздер де, мына миға қонымсыз соғысты тоқтатыңыз, - деді АҚШ президенті.

Ол егер «мәміле»  жасасмасақ жақын арада Ресейдің Америка Құрама Штаттарына және басқа елдерге сататын барлық тауарына жоғары салықтар, баждар мен санкциялар салудан басқа амал қалмайды деп отыр.

Мен президент болсам, ешқашан басталмауы тиіс болған осы соғысты аяқтайық! Біз мұны оңай немесе қиын жолмен жасай аламыз, бірақ оңай жолы қашан да жақсырақ. «Мәміле жасасар» уақыт келді, - дейді Дональд Трамп.

Ұлықтау рәсімінен кейін Трамп Путинмен жақын арада кездесуді жоспарлап отырғанын айтқан. Оның сөзінше, Путин келісім жасағысы келмей, «Ресейді құртып жатыр».

Украиналықтар Ақ үйдің жаңа қожайыны Трамп соғысты тоқтата алады деп сенеді. Киевте орналасқан халықаралық әлеуметтану институтының сауалнамасының қорытындысы бойынша, ел тұрғындарының 45 пайызы Трамптың жеңісі атыстың тоқтауына әкеледі деп есептеп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетін болды
Кеше, 15:02

Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетін болды

Кеңейтілген отырыста премьер-министр мен Ұлттық банк төрағасы баяндама жасайды
Түркияда бүгін 22 қаңтар аза тұту күні деп жарияланған
Президент елшілердің ресми түрде дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтаған
Резервтегі әскери қызметшілер басқа әскери қызметшілермен тең дәрежеде болады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →