×

Экономикалық өсім, АЭС, Қосылған құн салығы: Премьер-министр баяндамасында не айтылды

Былтыр экономика 4,8 пайызға өскен

Экономикалық өсім, АЭС, Қосылған құн салығы:  Премьер-министр баяндамасында не айтылды
Сурет: Akorda.kz

Қазақстан қосылған құн салығын 20 пайызға дейін көтеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов мәлімдеді.

“Былтыр экономика 4,8 пайызға өсті. Ал ауыл шаруашылығында - 13,7 пайыз, құрылыста - 13,1, саудада - 9,1, көлікте - 8,5 пайыз деңгейіне қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 5,9 пайызға ұлғайды. Десек те, мұнай өндіру көлемі 2 миллион 400 мың тоннаға төмендеп, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынына кері әсерін тигізді. Елімізде қосымша құн салығын 12-ден 20-% өсіру көзделіп отыр”, – деді Олжас Бектенов.

Бұл ОПЕК+ міндеттемелері мен ірі кен орындарындағы жөндеу жұмыстарына байланысты екенін айтты.Премьер-инистрдің айтуынша, Қазақстанда тағы екі атом электр станциясы салынбақ.

“Биыл екінші және үшінші АЭС-ті салу орнын белгілеу үшін талқылау жұмыстары жүргізіледі.Ал жақын арада Алматы облысында алғашқы АЭС-тің құрылысы бойынша келісімшарттарға қол қойылады”, – деді ол баяндамасында.

Салалар бойынша статистикалық өсу көрсеткіштерінің нақты нәтижелері мынадай:

• 29 ірі зауыт салынды.
• 26 млн тоннадан астам астық, 3 млн тоннадан астам майлы дақылдар жиналды. 4 млн тонна астық экспортқа жөнелтілді.
• Алғаш рет елімізде 19 млн шаршы метр тұрғын үй салынды.
• 397 денсаулық сақтау, 298 білім беру нысаны бой көтерді.
• 11 мың орынға арналған 40 студенттік жатақхана пайдалануға берілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын ауыстырып тастады
17.04.2025ж. 09:26

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын ауыстырып тастады

Бұған дейін бұл қызметті атқарған тұлғалар қызметінен босатылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →