Еліміздің экономикасын әртараптандыру жұмыстары әлі толық аяқталған жоқ
Бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министрдің баяндамасынан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет жұмысына қысқаша баға беріп өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
“Экономикаға біршама жағымсыз жайттар ықпал етті. Біраз біз ахуалды ушықтырмай, бақылауда ұстадық. Жалпы нәтиже жаман емес деуге болады. Өткен жылды толық көрсеткіштермен аяқтадық. Алайда жайбарақат отыруға болмайды. Шешімі табуы тиіс түйткілдер әлі де көп. Мұны сарапшылар да, азаматтар да жақсы біледі. Еліміздің экономикасын әртараптандыру жұмыстары әлі толық аяқталған жоқ. Экономикамыз ұлттық қордың қаржысына аса тәуелді болып тұр. Осы жөнінде атап өтуіміз керек. Ұлттық қор әлеуметтік экономиканың ажырамас бір бөлігі. бизнестің инвестициялық белсенділігі әлі де төмен. Бұл олқылықтарды биылдан қалдырмай жою керек, – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Тоқаев үкіметтің Қосылған құн салығы мөлшерлемесін көтеру туралы ұсынысын қолдады. Премьер-министр қосылған құн салығын 20 пайызға дейін көтеруді қарастырып жатқанын айтқан еді.
«Жұмысты бастаңдар. Реформа қажет деп есептеймін. Бірақ қазіргі кезде алдымызда Ұлттық қордан трансферттерді азайту, оның жинақтау функциясын күшейту міндеті тұр. Жинақталған қаражатты ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағыттауымыз қажет. Осылайша біз мемлекеттің дамуға бағытталған функциясын күшейтеміз. Бірақ менің ойымша, бұл мәселені тереңірек зерделеуіміз керек», – деді Президент.