×

Орынсыз шығынды тоқтатып, көрпеге қарай көсілу керек – Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент қазіргі басты мәселе – мемлекеттік қызметшілердің құлықсыздығы дейді

Орынсыз шығынды тоқтатып, көрпеге қарай көсілу керек – Қасым-Жомарт Тоқаев
Сурет: Aкorda.kz

Президент бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында қазіргі таңдағы басты мәселені атады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мен реформалардың нақты бағыты мен оны жүзеге асыру жолдары туралы осыған дейін де айттым. Үкімет ел экономикасын тұралап қалудан сақтап, орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін күрделі шешімдер қабылдауы керек және ең бастысы сол шешімдерді іске асыруға тиіс. Бұл – жоғары білікті әрі жауапкершілік алуға дайын мемлекеттік қызметшілердің қолынан келетін жұмыс. Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мемлекеттік аппараттың тиімділігі осындай күрделі кезеңдерде айқын көрінеді.Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет», –  деді Президент.

Президенттің айтуынша,  қазіргі басты мәселе – мемлекеттік қызметшілердің құлықсыздығы және жауапкершілік алудан тайсалуы келісу рәсімдері мен шешім қабылдаудың тым ұзаққа созылуына себеп болып отыр. Мұны ашық айтқан абзал деп отыр мемлекет басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →