×

Министр мәлімдеме жасады: Ақпан айынан бастап бензин қымбаттайды

Министр мәлімдеме жасады: Ақпан айынан бастап бензин қымбаттайды
Фото: pixabay.com

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство басшысы газ бағасын ырықтандыру туралы шешім ҚР Президенті жанындағы энергетикалық кеңесте қабылданғанын еске салды.

Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру керек деген шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар.

Мұндағы басты ұстаным бағаны бақылаудың нормативтік және әкімшілік шаралары Үкіметтің қолында қалдыруға бағытталған. Яғни, аталған әлеуметтің маңыздағы тауарлар бағасының күрт өсуі болмайды. Жанар-жағармай материалдарының бағасы осы жылғы ақпан айынан бастап, сондай-ақ жақын арада сұйытылған газ бағасы біртіндеп көтеріледі деп жоспарлап отырмыз. Тауарлық газ бойынша жазда нарыққа қатысушылар үшін баға өсе бастайды, – деді ол.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →