Үкімет қосымша құн салығын нақты неше пайызға дейін жеткізгісі келетінін ақпан айының 15-20 күндеріне қарай айтпақшы. Ал Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова одан да министрліктердің санын қысқартайық деген ұсыныс айтып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мен салықтың көбеюіне қарсымын. Қолда бар бюджет қаражатын тиімді жұмсау керек. Мемлекеттік органдарды, министрліктерді қысқарту керек. Проблемалады осылай шешуге болады. Тұтынушылардың есебінен барлық мәселелерді шешудің қажеті жоқ, - дейді Ирина Смирнова.
Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығының әсерінен тауар құнының өсуі мүмкін екенін жеткізді.
Жұманғариннің айтуынша, ҚҚҰ салдарынан бағаның өсуі мүмкін екенін жоққа шығармай, қанша пайыз артатынын да болжады.
Шамамен 4,5% өседі. ҚҚҰ артуы есебінен түскен қосымша қаржы шынайы секторға жұмсалуы керек. Бұл – күрделі экономика, бұл – қарапайым заттар экономикасы. Бірақ қазақстандық бизнес бәсекеге қабілетті болмақ. Себебі ставка реттеледі, ал қайтарымы экспорт есебінен өседі, – деді Серік Жұманғарин.
Ал инфляция деңгейінің артуы уақытша құбылыс болады деп сендірді.