×

Азат Перуашев Тоқаевтың сынынан кейін «штрафстан» деп айтқанына өкінді

Бұған дейін Азат Перуашев Парламент мінберінен даулы мәлімдеме жасаған болатын

Азат Перуашев Тоқаевтың сынынан кейін «штрафстан» деп айтқанына өкінді
әлеуметтік желі

Мәжіліс кулуарында Азат Перуашев Қазақстанды «штрафстан» деп атағанын сәтсіз термин ретінде мойындап, аталған жағдайдың сабақ болғанын алға тартты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Депутат өз пікірін президент Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында «елге әртүрлі лақап ат тағу – ақылға сыймайтын әрекет» деген сөзінен кейін күрт өзгерткен.

Иә, мен Президентпен толықтай келісемін. Расында да біз өз елімізді, мемлекетімізді сыйлауымыз керек. Әсіресе, шетелдік инвесторлар мен туристерді шақырғанда елімізді жамандау үшін шақырып отырған жоқпыз ғой. Сондықтан Президенттің сөзі өте орынды. Өте дұрыс. Әрі қарай да сол жолдан таймауымыз керек. Парламентте сөз сөйлеген кезде біз ресми тілді қолдануға міндеттіміз. Сондықтан сабақ болсын. Мен ол жерде терминді пайдаланғаным дұрыс болмады. Оны мойындап отырмын. Ал негізгі көзқарасым сол баяғыдай. Мен бұл жерде жауапкершілікті заңбұзушылықтың ауыртпалығына сай болуы керектігі туралы айтқанмын, - деп жауап берді депутат журналистерге.

Айта кетейік, бұған дейін Азат Перуашев Парламент мінберінен даулы мәлімдеме жасаған болатын.

Шенеунік мырзалар, сіздер үшін мен ұялып отырмын. Бір рет болса да жылы кеңселерден шығып, кәсіпкердің немесе тұтынушының орнына барып тұрып көріңіздер. Сіздер әлдебір «Штрафстанды» құрып жатырсыздар. Ал «Ақ жол» фракциясы қалыпты нарықтық экономиканы құруды ұсынады, - деп айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →