×

Сотталған әйелдерге амнистия жариялау керек – Қарақат Әбден

Бүгінгі таңда 2 336 әйел бас бостандығынан айырылған

Сотталған әйелдерге амнистия жариялау керек – Қарақат Әбден
Сурет: Бейнеден кадр

Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден сотталған әйелдерге рақымшылық жасауды ұсынды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Бұл туралы депутат ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке осындай депутаттық сауал жолдаған.

“Жасаған қылмысы зорлық-зомбылықпен байланысты болмаса, қоғам үшін қауіп төндірмесе, кәмелетке толмаған әйелдерге, көпбалалы аналарға, алғаш рет сотталған әйелдерге амнистия жасауды қарастыру қажет. Бұл үшін халықаралық тәжірибелерді де негізге алсақ болады. Бұл біздің елдегі “түзеу мекемелеріне” түсетін жүктемені де азайтатынын ескеруіміз керек», – деді сауалында Қарақат Әбден.

Бүгінгі таңда 2 336 әйел бас бостандығынан айырылған.  Оның 250-і – көпбалалы ана. 1500-ден астам бала анасыз қалса, 100-ге жуық сәби балалар үйіне жіберілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →