Партиялықтар «Кедергісіз келешек» жобасын түсіндіруге ерекше назар аударды
Үгіт-насихат науқаны аясында партиялық тізім бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Владимир Эрман мен Уәлихан Жылысбаев №2 түзету мектеп-интернатының ұжымымен кездесті.
Партиялықтар «AMANAT»-тың Петропавлда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған 50 орындық жатын корпусы бар 300 орындық мектеп салу жөніндегі жоспары туралы айтып берді. Сондай-ақ қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға жағдай жасау туралы әңгімелесті.
«Қазір қалада «Интерактивті қолжетімділік картасына» енгізілген 311 нысанның 180-і немесе 57,8%-ы біз үшін қолжетімді. Сондықтан партия бірінші кезекте әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеуге жәрдемдесетін болады», - деп атап өтті Владимир Эрман.
Партиялықтар «Кедергісіз келешек» жобасын түсіндіруге ерекше назар аударды. Жоба шеңберінде мүгедек адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шаралар көзделген.
«Біз балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамтуды ұлғайтуға және қолжетімді нысандардың үлесін 100%-ға дейін жеткізуге ниеттіміз. Сондай-ақ біздің жоспарымызда ерекше қажеттіліктері бар кемінде 500 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу де бар», - деді Уәлихан Жылысбаев.
Кездесу соңында депутаттыққа кандидаттар мектеп-интернат қызметкерлерін алдағы сайлауда «AMANAT» партиясын қолдауға шақырды.
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.