×

Зеленский: Путин менімен жеке кездесіп сөйлесуден қорқады

Зеленский: Путин менімен жеке кездесіп сөйлесуден қорқады
Фото: Tetiana Dzhafarova/AFP via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік тараппен келіссөздерге дайын екенін айтты. Алайда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин жеке кездесуге қорқатынын жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ол Киевте журналистермен сөйлескен кезде айтты. Зеленский Мәскеудің алдымен Путинмен келіссөздерге тыйым салатын жарлығын жою туралы үндеулерін ресейлік әңгіме деп атады.

Ол Ресей Федерациясының жарлықты жою туралы талаптарын кездеспеудің сылтауы ретінде қарастыратынын айтты.

Егер бұл соғыс біз үшін қалай аяқталатынын түсінетін болсақ, келіссөздерге дайынмын. Ешқандай проблема жоқ. Мәселе мынада, меніңше, Путин менімен принципті түрде сөйлесуге қорқатын сияқты. Неге екенін білмеймін. Былай қарасаң, ересек адам. Алайда жалғыз кездесе алмайды. Қасында адамдары жүру керек. Бірақ Трамп оны соғысты тоқтатуға мәжбүрлей алады деп ойлаймын, - деді Зеленский.

Кремль Украина басшысының мәлімдемесіне әлі жауап берген жоқ.

 Еске салайық, қаңтар айының соңында Трамп өзінің әлеуметтік желісінде Путинді тағы да соғысты тоқтатуға шақырған жазбасын жариялап, әйтпесе Ресей жаңа санкцияларға тап болатынын айтқан болатын. Ал кейінірек АҚШ басшысы Украинадағы соғысты 100 күн ішінде тоқтатуды бұйырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

«Азаттық радиосының» қазақстандық бөлімшесі қызметімізді жалғастыра береміз деп отыр.
Бұл ақпарат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Қоғамдық талқылау 3 сәуірге дейін жалғасады.
СІМ Қазақстанның берік және ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату мақсатында екі ел арасындағы конструктивті диалогты жалғастыруға бағытталған күш-жігерге өзінің табанды қолдауын тағы да растайтынын алға тартты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →