×

Бөлінген қаражат әкімдіктертің тұрақты бақылауында болуы тиіс — Олжас Бектенов

Арзандатылған жанар-жағармайдың мақсатсыз жұмсалуына жол бергендерге қатаң шаралар қабылданады

Бөлінген қаражат әкімдіктертің тұрақты бақылауында болуы тиіс — Олжас Бектенов
Сурет: primeminister.kz

Бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуы әкімдіктердің тұрақты бақылауында болатын болады,деп хабарлайды Qaz365.kz

Бұл туралы Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысында мәлідеді.

Биыл дала жұмыстарын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылған.

«Жұмыстарды нәтижелі әрі ұйымдасқан түрде жүзеге асыруымыз қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиені тиімділігі мен жауапкершілігі жоғары диқандарды қолдауға ғана беруі керек. Бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуы әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуға тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр.

Олжас Бектенов шаруаларға тиесілі арзандатылған жанар-жағармайдың мақсатсыз жұмсалуына жол бергендерге қатаң шаралар қабылдауды тапсырды.  Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазірдің өзінде 400 мың тоннадан астам жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінген.

«Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен өңір әкімдері арзандатылған отынның тиісті көлемін жеткізуді бақылауда ұстасын.
Әкімдіктер бір апта мерзімде өңірлік операторлар бойынша толық деректерді берсін.
Шаруаларға тиесілі отынның сатылып кетуіне жол беретін компаниялар мен жеке тұлғаларға қатысты қатаң шаралар қабылдауды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
01.07.2025ж. 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →