×

Англияға жұмысқа барған қазақстандықтардың құқығы қорғалатын болды

Екі ел арасында стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім жасалған

Англияға жұмысқа барған қазақстандықтардың құқығы қорғалатын болды
Сурет: Аzattyq-ruhy.kz

Англияға маусымдық жұмысқа барған қазақстандықтардың құқығы қорғалатын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Бұған дейін екі ел арасында стратегиялық әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім жасалғаны белгілі. Қазақ-Британ стратегиялық диалогының бүгінгі отырысында сол құжатты ратификациялау барысы талқыланды”, – делінген СІМ хабарламасында. 

Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Личтің айтуынша, Британ агенттігімен меморандум жасалып, еңбек мигранттарының құқықтары қорғалатын болды.

«Түркістан қаласында орналасқан көші-қон бойынша халықаралық ұйымның жобасына қолдау көрсетіп жатырмыз», – деді елші Кэти Лич.

Соңғы уақытта Англияға 6 айға маусымдық жұмысқа келуші қазақстандықтар көбейді. Енді олар жергілікті биліктің қорғауында болады.



 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары бірлескен жұмысты күшейтуге келісті
30.05.2025ж. 17:19

Қазақстан мен Өзбекстан депутаттары бірлескен жұмысты күшейтуге келісті

Қошанов екі ел арасындағы парламентаралық ықпалдастықтың жүйелі сипат алғанын айтты. 
Кездесуде қандай мәселе талқыланғаны туралы мәлімет жарияланбады.
Бүгінгі форумға елорда төрінде әлемнің 70-тен астам елінен 3000-нан астам қатысушы жиналады
Сот алғашында Эргенчті 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырғанымен, сотқа деген құрметі үшін жаза жеңілдетілген.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →