×

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды

Ол еңбек жолын 1987 жылы бастаған

Нұрлан Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұрлан Телманұлы Ұранхаев 1965 жылы 4 мамырда дүниеге келген.

1987 жылы В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, «инженер-механик» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ қаржы-экономикалық институтын «экономист-менеджер» мамандығы бойынша және 2006 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университет, «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.

Ол еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб болып бастаған.
1995-1997 жылдары — Семей қаласының «Сары-Арқа» АҚ сенім білдірілген басқарушысы.
2001-2003 жылдары — «Казиркутсклес» ЖТАҚ Бас директоры (Иркутск облысы).
2003-2005 жылдары — Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік басқармасының бастығы.
2005-2006 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы.
2006-2007 жылдары — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2007 ж.— Астана қаласы, ҚР ТЖМ Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары.
2008 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы.
2009-2010 жылдары — «Ертіс» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары, Семей қаласы
2010-2013 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.
2013-2014 жылдары — Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі.
2014 ж. — ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы.
2015-2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры, Астана қаласы.
2017-2018 жылдары — Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.
2019 – 2022 жылдары — Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.
2022 жылдың маусымында Абай облысының әкімі болып тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →