×

Президент әкімшілігіндегі ауыс-түйіс: Кімдер қызметтен кетті, кімдер келді

Президент кеңесшісі Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды

Президент әкімшілігіндегі ауыс-түйіс: Кімдер қызметтен кетті, кімдер келді
Сурет: коллаж

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен ҚР Президенті әкімшілігіндегі бірнеше қызметкерлер ауысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ақпаратты ҚР Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. 

Мемлекет басшысының өкімімен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол Президент кеңесшісі лауазымынан босатылды. Ерұлан Жамаубаев 2022-2024 жылдары Премьер-Министр орынбасары – Қаржы министрі болған болатын.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеев ҚР Президенті әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылып, орнына Ербол Дәненұлы Адаев кірісті. Ербол Адаев бұған дейін ҚР Президент істері басқармасында ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. Әр жылдары ол Қостанай облысы әкімінің аппаратында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, ҚР Сенатының аппаратында қызмет атқарды.

Алексей Калайчиди ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Бұл қызметке  Шымкент қалалық Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарған Дәурен Тілекұлы Ерғарин тағайындалды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ерлан Қарин: Басқа мемлекеттен ақша алып, еліңді жамандау, сын емес сатқындық
20.07.2025ж. 22:39

Ерлан Қарин: Басқа мемлекеттен ақша алып, еліңді жамандау, сын емес сатқындық

Ол подкаст бағдарламалардың көбісінде саясатты талқыланатынын айтты.
Президенттік қызметке қайта кіріскелі Трамп сыртқы сауда саясатын қатаңдата бастады.
2006 жылдан 2024 жылға дейін бұл бағдарламамен 1,2 миллион адам Ресейге көшіп барған.
Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →