×

Петропавлдағы №1 емхана ұжымымен тұрғын үй және жаңа медициналық жабдықтар мәселелері талқыланды

«AMANAT» өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген денсаулық сақтауды дамыту шараларын талқылады

Петропавлдағы №1 емхана ұжымымен тұрғын үй және жаңа медициналық жабдықтар мәселелері талқыланды

«AMANAT» партиялық тізімі бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Сәкен Әмірин, Нұрлан Айманов және Ағыбай Көшімбаев Петропавл қаласының №1 емханасының қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«AMANAT» өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген денсаулық сақтауды дамыту шараларын талқылады. Нұрлан Айманов партия сапалы медицинаның қолжетімділігі үшін жағдай жасауға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

«Біз «Береке» және «Жас Өркен» шағын аудандарында 2 емхананың құрылысын аяқтауға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықтармен жарақтандыруға жәрдемдесетін боламыз. Ерекше назар кадр тапшылығы мәселесін шешуге аударылатын болады. Партия жыл сайын денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде 45 медицина қызметкерін жұмысқа орналастыруға, сондай-ақ көтерме төлемдерді бөлуге бағытталған», - деді Нұрлан Айманов.

Кәсіптік салаға қатысты мәселелерден басқа, емхана қызметкерлеріне тұрғын үйге қатысты бастамалар туралы да ақпарат берілді.

«Алдағы 5 жылда партия әлеуметтік тұрғын үй құрылысына, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлуге жәрдемдесетін болады. Біз 2027 жылға дейін 841 мың шаршы метр тұрғын үй салу және жеке үйлер салу үшін кемінде 1,7 мың жер учаскесін беру міндетін қойып отырмыз», - деп атап өтті Ағыбай Көшімбаев.

Осылайша, тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар 5 жыл ішінде 3,5 мың отбасына қымбат шаршы метрді алуға мүмкіндік береді. Жалпы, ұжым өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасына оң баға беріп, қонақтарды 19 наурызда «AMANAT»-қа дауыс беретіндеріне сендірді.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →