×

Жеті кеншінің өлімінен кейін Тоқаев мәлімдеме жасады

Жеті кеншінің өлімінен кейін Тоқаев мәлімдеме жасады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысындағы «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кеніште болған қайғылы оқиғаға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бекітілген талаптардың өрескел бұзылған фактілері бар. Нысандардың өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесімен жабдықталу деңгейі өте төмен.

Компаниялар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларға тиісті мөлшерде инвестиция салмайды. Мұның барлығы техногенді апаттарға, жұмысшылардың қаза табуы мен жарақат алуына әкеп соқтырады.

Президент қатерлі өндіріс орындарында жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Үкіметке төмендегідей шаралар қабылдауды тапсырды:

  1. Нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының сақталуына қатысты тексеру жүргізу;
  2. Аталған нысандарға заманауи қауіпсіздік жүйесін, соның ішінде газ белгі беру құрылғыларын, сейсмикалық қондырғыларын, позиционирлеу жүйесін және тағы басқа тиісті әдіс-тәсілдерді әзірлеу мен енгізу;
  3. Болжау мен құлақтандырудың автоматтандырылған жүйесін енгізе отырып, нысандарды цифрландыру;
  4. Тексеру қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыс бағдарламаларына түзетулер енгізіп, заманауи өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесіне салынатын инвестиция көлемін ұлғайту жолын қарастыру;
  5. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалау тетіктерін қатаңдату.

Мемлекет басшысының бұл тапсырмаларын Президент әкімшілігі ерекше бақылауда ұстайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты бірнеше елге бармауды ұсынды
Кеше, 10:19

Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты бірнеше елге бармауды ұсынды

Әскери іс-қимылдар жалғасып жатыр, сондай-ақ көптеген елдердің әуе кеңістігі жабылған
Бұл маңызды саяси оқиға елдің одан әрі дамуы мен тұрақтылығына ықпал етеді
Спикерлер сөз сөйлеп, әрқайсысы реформаны өзінің кәсіби және өмірлік тәжірибесіне сүйене саралады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →