Басқосу барысында кандидаттар Жорабек Нұрымбетов, Бақдәулет Махашов партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Қызылорда қаласы іргесіне жапсарлас орналасқан Тасбөгет кенті тарихы терең, келешегі кемел орталық. Бүгін «AMANAT» партиясынан үміткерлер тобы С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде кент тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Басқосу барысында кандидаттар Жорабек Нұрымбетов, Бақдәулет Махашов партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
«Тасбөгет кенті халық ең көп орналасқан орталық. Сайлауалды бағдарламаның негізгі басым бағыты халық табысын жақсарту, белсенді өмір сүру дағдысын қалыптастыру, азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтып, жұмыссыздықты жою секілді бағыттар бағдарламаға енгізіліп отыр. Әр азамат мемлекет қамқорлығын сезінуі қажет. Көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектігі бар адамдар үшін мемлекеттік және партиялық қолдау шаралары кеңейтілетін болады. Білім және медицина салаларында да шешілмеген мәселелер бар. Үкімет кешенді жоспар әзірледі, соның іске асырылуына партия кент тұрғындарымен бірлесіп, қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуі тиіс. Мұның барлығы іс жүзінде орындалады. Сол мақсатта өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын», – деді Жорабек Нұрымбетов.
Кент тұрғындары сайлауалды бағдарламаның өздеріне қатысты тұстарын пысықтап, өзекті мәселелерді көтерді. Оның ішінде жол, жарық, ауыз су мен аяқсу секілді тақырыптарға қатысты сұрақтар қойып, үміткерлер жауаптарын алды. Ұсыныстары мен талап-тілектерін жеткізді.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына халықтың ұсыныс-пікірлері жоспарланып енгізіліп отыр. Онда коммуникация, білім беру және медицина мен мәдениет нысанын салу және қайта жаңғырту жоспарланған. Бұл бағыттағы кешенді жобаларды облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Бақдәулет Махашов кеңінен айтып беріп, тұрғындарды елдік мүдде жолында белсенді болуға шақырды.
Кент тұрғындарымен кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткерлер де қатысып, өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді