×

Экс-әкімнің ұлы Украинаға қарсы соғысып жүр ме

Орал қаласында ескірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінде қызмет еткен

Экс-әкімнің ұлы Украинаға қарсы соғысып жүр ме
lukpan_akhmedyarov

Журналист Лұқпан Ахмедияров Орал қаласының экс-әкімі, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Самиғолла Оразовтың ұлы Бауыржан Оразов орыс әскерімен бірге украиндарға қарсы соғысып жүргенін өзінің Инстаграмм парақшасында жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналистің жазуынша, 45 жастағы Бауыржан Оразов осыған дейін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында ескірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінде қызмет еткен.

– Оның бірге қызметтес болған әріптестері Ресей әскерінің формасын киген Бауыржан Оразовты бірден таныды. Экс-депуттаттың ұлы осыдан бірнеше жыл бұрын құқық қорғау органынан кетіп, Ресейге көшіп кеткен, – дейді журналист Лұқпан Ахмедияров.

Украина Қарулы Күштеріне қарсы соғысып жүргенін қолына түскен суреттегі Бауыржан Оразовтың Ресей әскерінің формасын киіп, қолындағы автоматтың тұтқасын көрші елдің үш жолақты туын бейнелейтін изолентпен орап алғанынан білуге болады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресей Қытаймен визасыз режим енгізеді
Бүгін, 16:05

Ресей Қытаймен визасыз режим енгізеді

Ресей Қытай азаматтарына визасыз кіруге рұқсат береді
Заңсыздықтан зәбір көрген азаматтарға қорған болайық, Бас прокурор мырза
Ол Парламент Мәжілісінің VII және VIII шақырылымдарының депутаты болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →