×

«Енді өлімім ғана өзімдікі»: Берденов Мәжіліс депутаты қызметімен қоштасты

Ол депутаттық мандатты тапсырып, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне кіріседі

«Енді өлімім ғана өзімдікі»: Берденов Мәжіліс депутаты қызметімен қоштасты
Сурет: parlam.kz

Мәжілістің жалпы отырысында Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Руслан Берденовке жалпы отырыста арнайы дайындалған алғыс хат табыс етілді. Ол өзінің қызметі жайлы бірауыз пікір білдіріп, алғысын айтты.

«Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісіндегі менің қызметім өз мәресіне жетті. Сіздермен бірге шын мәнінде елдің игілігі үшін қаншама үлкен сұрақтарды көтеріп, күресіп, соңына жетіп, көпшілік мәселелерді талқылағаным, сіздердің араларыңызда болғаным – мен үшін үлкен мәртебе. Бәлкім, бұл ел тарихындағы ең белсенді депутаттар шақырылымы болды. Сіздердің араларыңызда болғаным үшін өте қуаныштымын. Ерлан Жаханұлы алғашқы күннен бастап «Руслан сайлау бітті, партияға бөлінбей, адамдарға бөлінбей, бірігіп, елдің игілігі үшін жұмыс жасауларың қажет» деп айтқан еді. Осы сөздер өзіме ұстаным болды. Екі жылда солай жұмыс істеуге, қолымнан келгенше айтқандарымды орындауға тырыстым. Енді біз өңірге бара жатырмыз. Әйтеке би айтқандай, «Өмірім – халқымдікі, ал өлімім ғана өзімдікі». Біз де өмірімізді өңірге арнаймыз. Сіздерді әрқашан өңірде күтеміз. Барлығыңызға рақмет», –  деді ол.

Еске сала кетейік, осыған дейін біз Парламент Мәжілісінің депутаты Руслан Берденовті Президент Әкімшілігімен келісе отырып қабылданған шешімімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғаны туралы жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Украина АҚШ-пен пайдалы қазбаларды бірлесіп игеру шартына келісті
Бүгін, 09:03

Украина АҚШ-пен пайдалы қазбаларды бірлесіп игеру шартына келісті

Мұны аты-жөнін жасырған жоғары лауазымды украиндық шенеунік мәлімдеген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →