×

«AMANAT» партиясының өкілдері «Magnum» келушілеріне Петропавл қаласын дамыту жоспарлары туралы айтты

«AMANAT» партиясының өкілдері сайлауалды бағдарлама туралы айтып берді

«AMANAT» партиясының өкілдері «Magnum» келушілеріне Петропавл қаласын дамыту жоспарлары туралы айтты

Партиялық тізім бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Гюлага Илдырымов, Галина Семенова және Нұрлан Айманов Петропавлдағы «Magnum» супермаркетінде экспромт-кездесу өткізді. «AMANAT» партиясының өкілдері сайлауалды бағдарлама туралы айтып, қала тұрғындарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«AMANAT» партиясы алдағы 5 жылда автожолдарды салуға және жөндеуге жәрдемдеседі. Биыл орталық көшелер жөнделеді. Сондай-ақ, қала шетіндегі көшелерді жөндеу жоспарлануда. Олардың арасында Потанин, Труд, Порфирьев, Украин, Панфилов, Побелянский және Космодемьянская көшелері бар. Көптеген жоспарлар бар», - деді Гюлага Илдырымов.

Әңгімелесу кезінде петропавлдықтар түрлі сұрақтар қойды. Көбісі қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту тақырыбына қызығушылық танытты.

«Біз барлық рұқсат етілмеген полигондарды жоюға, экологиялық акциялар өткізуге, сондай-ақ қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстау пунктін салуға жәрдемдесуге ниеттіміз», - деп атап өтті Галина Семёнова.

Сондай-ақ, әңгімелесу барысында кандидаттар супермаркетке келушілерді 19 наурызда дауыс беруге белсенді қатысуға және «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →