×

Тоқаев жаңа өнеркәсіп және құрылыс министрін тағайындады

Жаңа министр

Тоқаев жаңа өнеркәсіп және құрылыс министрін тағайындады
Фото: ktze.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды”, - деп жазылған хабарламада.

Ерсайын Нағаспаев жоғары білімді, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте,  Еңбек жолын Теміртау қаласы әкімінің аппаратында бастады. ҚР Сыртқы істер, көлік және коммуникация министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды. Вице-премьердің кеңесшісі болды. «Ақтау халықаралық порты» РМК-да жұмыс істеді, Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болды.

Бұрынғы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
АҚШ 150 елдің тауарларына жаңа импорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр
17.07.2025ж. 09:09

АҚШ 150 елдің тауарларына жаңа импорттық баж салығын енгізуді жоспарлап отыр

Президенттік қызметке қайта кіріскелі Трамп сыртқы сауда саясатын қатаңдата бастады.
2006 жылдан 2024 жылға дейін бұл бағдарламамен 1,2 миллион адам Ресейге көшіп барған.
Ол 2017 жылдан бері қолданыстағы Салық кодексіне енгізілген түзетулерді қамтиды.
Мен қазіргі немесе бұрынғы ешбір шенеунікпен туыстық байланыста емеспін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →