×

Тоқаев Түркістанның ерекше мәртебесін бекітті

Президент Заңға қол қойды

Тоқаев Түркістанның ерекше мәртебесін бекітті
Фото: pixabay.com

Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

  • тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
  • археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
  • тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
  • қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
  • археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
  • мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
  • қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
  • тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
  • мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
  • туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Депутат өзін «курс сатып байыды» дегендерге жауап берді
Бүгін, 16:05

Депутат өзін «курс сатып байыды» дегендерге жауап берді

Депутат курс барысында ешқандай заңсыз әрекетті үйретпегенін айтты
Талап қатаң болады, бірақ егер бизнес мемлекет алдындағы міндеттемесін әділетті түрде орындаса, біз диалог құруға дайынбыз
Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →