Қазір құрылыс саласында, мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлық жоқ
Санаулы күн бұрын Шымкент қаласының әкімі орынбасары болып тағайындалған Руслан Берденов өңірдің жемқорлықтан тазарғанын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның тілшілердің сауалына берген жауабында қалада құрылыс пен мемлекеттік сатып алу салаларында жемқорлық толыққанды жойылды деп отыр.
Мемлекеттік сатып алулар бойынша – бізде бұрын болған сыбайлас жемқорлық деректері қазір жоқ. Мен мұны ашық, ресми түрде айта аламын және бұл тек менің емес, бұл осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің сөздері. Қазір құрылыс саласында, мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлық жоқ, – дейді Руслан Берденов.
Айта кетейік, Руслан Берденов Шымкент қаласының тумасы. 2023 жылғы 29 наурыздан бастап –Respublica партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болған.