×

Шымкентте жемқорлық толығымен жойылды - Руслан Берденов

Қазір құрылыс саласында, мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлық жоқ

Шымкентте жемқорлық толығымен жойылды - Руслан Берденов
Фото: parlam.kz

Санаулы күн бұрын Шымкент қаласының әкімі орынбасары болып тағайындалған Руслан Берденов өңірдің жемқорлықтан тазарғанын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның тілшілердің сауалына берген жауабында қалада құрылыс пен мемлекеттік сатып алу салаларында жемқорлық толыққанды жойылды деп отыр.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша – бізде бұрын болған сыбайлас жемқорлық деректері қазір жоқ. Мен мұны ашық, ресми түрде айта аламын және бұл тек менің емес, бұл осы салада жұмыс істейтін кәсіпкерлердің сөздері. Қазір құрылыс саласында, мемлекеттік сатып алуларда сыбайлас жемқорлық жоқ, – дейді Руслан Берденов.

Айта кетейік, Руслан Берденов Шымкент қаласының тумасы. 2023 жылғы 29 наурыздан бастап –Respublica партиясының партиялық тізімі бойынша VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Кеше, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →