×

Владимир Зеленский Ресеймен соғысты тоқтатудың алғашқы шарттарын атады

Сондай-ақ, Украина АҚШ-пен бірге тұрақты түпкілікті келісімді талқылауға дайын екенін мәлімдеді.

Владимир Зеленский Ресеймен соғысты тоқтатудың алғашқы шарттарын атады
Фото: Ben Curtis/AP Photo/picture alliance

Украина президенті Украинаның бейбітшілікке деген ұстанымы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ешқайсымыз шексіз соғысты қаламаймыз. Украина мүмкіндігінше тезірек келіссөздер үстеліне отыруға дайын, бұл тұрақты бейбітшілікке жақындатады. Украиналықтардан артық бейбітшілікті ешкім қаламайды. Менің командам мен өзім осы мақсатта президент Трамптың мықты басшылығымен жұмыс істеуге дайынбыз. Біз соғысты тезірек аяқтау үшін жұмыс істеуге әзірміз, - дейді Владимир Зеленский.

Ол алғашқы қадамдар ретінде тұтқындарды босату мен әуедегі атысты тоқтатуды ұсынамыз  деп отыр. Сондай-ақ зымырандар, алыс қашықтықтағы дрондар, энергетикалық және басқа да азаматтық инфрақұрылымдарға бағытталған бомбалауларға тыйым салуды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Егер Ресей де осыған келіссе, теңіздегі атысты дереу тоқтатуды қалаймыз. Одан кейін барлық келесі кезеңдерді жылдам жүзеге асырып, АҚШ-пен бірге күшті қорытынды келісімге келуге ниеттіміз, - дейді Украина басшысы.

Сондай-ақ, Украина АҚШ-пен бірге тұрақты түпкілікті келісімді талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл келісімдердің тез әрі нәтижелі жүзеге асуы үшін нақты жоспарлар ұсынылды.

Америка Құрама Штаттарының Украина егемендігі мен тәуелсіздігін сақтап қалуға қаншалықты көмек көрсеткенін жоғары бағалаймыз. Біз президент Трамп Украинаға «Джавелин» кешендерін берген кезде жағдайдың өзгергенін жақсы білеміз. Бұл үшін ризамыз. Жұма күні Вашингтонда, Ақ үйде өткен кездесу жоспарланғандай өтпегені өкінішті. Мұндай жағдайдың орын алғаны біз үшін қынжыларлық жайт. Енді бәрін дұрыс жолға қою қажет. Болашақтағы ынтымақтастық пен қарым-қатынастың конструктивті болғанын қалаймыз, - дейді Владимир Зеленский.

Оның айтуынша, Украина пайдалы қазбалар мен қауіпсіздік мәселелері бойынша келісімге кез келген уақытта қол қоюға дайын.

Бұл келісімді қауіпсіздікті күшейтуге және тұрақты кепілдіктерге жасалған қадам ретінде қарастырамыз және оның тиімді жұмыс істейтініне шын жүректен үміттенемін, — деді Украина президенті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша тергеу қорытындысы қашан шығатыны айтылды
Бүгін, 17:35

Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша тергеу қорытындысы қашан шығатыны айтылды

Вице-премьер ұшақ апатының алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның объективті және жан-жақты тергеу жүргізуге басымдық бергенін атап өтті.
Никита Шаталов «параграф» сайтында өзінің өмірбаяны қателікпен жазылып кеткеніне (ҚазССР-да туған деп жазылған) өзінің қатысы жоғын айтып отыр.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда тұрғын үй иелері үйінде нақты тұрмайтын жүздеген азаматтарды тіркеу фактілері анықтаған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →