×

Астанада енді «пропискаға» тұру қиындайды. Мәжіліс заң жобасын талқылап жатыр

Оның айтуынша, бүгінгі таңда тұрғын үй иелері үйінде нақты тұрмайтын жүздеген азаматтарды тіркеу фактілері анықтаған.

Астанада енді «пропискаға» тұру қиындайды. Мәжіліс заң жобасын талқылап жатыр
Фото: РИА Новости / Илья Питалев

Мәжілісте Астана, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалалардағы көші-қон процестерін реттейтін заң қаралып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Вице-премьер әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, халық қазір қалаларға көшуге бейім. Өйткені ірі қалаларда сапалы білім мен медицина, дамыған инфрақұрылым, инновациялар мен технологиялар шоғырланған, бұл өз кезегінде тез урбанизацияға әсер етеді. Осы процесс елімізгеде тән болып отыр.

Қазір халық ірі қалаларда өмір сүруге талпынады. Бұл пәтерлерде тұрғындардың санын шектеусіз тіркеу проблемасына апарып соқты. Тәжірибе көрсеткендей, тұрғын үй иелері үйінде нақты тұрмайтын жүздеген азаматтарды тіркеу фактілері бар, – Серік Жұманғарин.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда тұрғын үй иелері үйінде нақты тұрмайтын жүздеген азаматтарды тіркеу фактілері анықтаған. Астана қаласының пәтерлерінің бірінде 800-ден астам адам тіркелген. Жалпы айтқанда, 924 осындай мекенжай анықталған көрінеді.

Осы мәселені шешу мақсатында:

  • елорда аумағында тұрақты және уақытша тұратын жері бойынша тіркеу нормативін бекіту, яғни мәслихатпен алдағы уақытта бір азаматқа қанша шаршы метр тиісілі екені белгіленетін болады;
  • астана аумағында бір мекенжайда нормативтерден артық тіркеуге тыйым салу бойынша өзгерістер енгізу ұсынылады.

Бір пәтерге 800 адам тіркелген жайттар бар. Ол заңның бұзылғаны. Инфрақұрылымға ол әсер етеді. Сол себепті әрине, оны шектеу керек. Ішінде ерекшелігі болады. Маусымдық жұмыстарға, құрылысқа адамдар келсе әрине, оның бәрін жазу керек. Құрылысқа келсе құрылыс иесі адамдарды есепке қойып, жатақ дайындауы тиіс. Мәслихат қағидаларды дайындағанда соның бәрін жазуы тиіс, – дейді вице-министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Еуропа әскері Украинаға кірсе, ҰҚШҰ Ресейге көмекке келеді – Тасмағамбетов
Бүгін, 20:48

Еуропа әскері Украинаға кірсе, ҰҚШҰ Ресейге көмекке келеді – Тасмағамбетов

Бұл туралы ресейлік басылымға берген сұхбатында айтты
Вице-премьер ұшақ апатының алғашқы күндерінен бастап Қазақстанның объективті және жан-жақты тергеу жүргізуге басымдық бергенін атап өтті.
Никита Шаталов «параграф» сайтында өзінің өмірбаяны қателікпен жазылып кеткеніне (ҚазССР-да туған деп жазылған) өзінің қатысы жоғын айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →