×

Берік Уәли облыс әкімі болғалы алғаш рет Президентке есеп берді

8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 24 инвестициялық жоба жоспарланған

Берік Уәли облыс әкімі болғалы алғаш рет Президентке есеп берді
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдап баяндамасын тыңдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Облыс әкімінің баяндамасынан:

  •  жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілген. Үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады;
  • 2028 жылға дейін жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын және 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталған;
  • «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынған;
  • аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр;
  •  Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда.

Мемлекет басшысы облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Оспан батырға Қытайда ескерткіш қоя алмаймыз, Жириновскийге не үшін қоюымыз керек  – Ринат Зайытов
Бүгін, 11:25

Оспан батырға Қытайда ескерткіш қоя алмаймыз, Жириновскийге не үшін қоюымыз керек – Ринат Зайытов

Бұған дейін 2016 жылы Мәскеуде Жириновскийге арналып, биіктігі 3 метр болатын алып ескерткіш қойылды.
Акциялардың 51% сатып алу шамамен 2025 жылдың шілде-қыркүйек айларында аяқталады.
Шығыс Қазақстан облысының жеті ауданында жұмыс кестесіне түзету енгізілді
Саранск және Алматы қалаларында саясаткердің туғанына 80 жыл толуына орай ескерткіш орнату жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →