Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен:
	- Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
 
	- Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
 
	- Сондай-ақ Қанат Амангелдіұлы Құлшыманов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
 
                     
        
        
            БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.