Саранск және Алматы қалаларында саясаткердің туғанына 80 жыл толуына орай ескерткіш орнату жоспарланған.
Келесі жылы Алматыда ЛДПР негізін қалаушы Владимир Жириновскийге ескерткіш ашылады деген ақпарат тараған болатын. Осыған қатысты қалалық әкімдік жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы ақпарат алғашында ТАСС ақпараттық агенттігінде шықты.
Саранск және Алматы қалаларында саясаткердің туғанына 80 жыл толуына орай ескерткіш орнату жоспарланған.
Баспада бар құжатқа сәйкес, Владимир Жириновскийге арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, сәуір-мамыр айларында ескерткіштердің салтанатты ашылуы өтеді, – делінген хабарламада.
Алматы қаласының әкімдігі ескерткіш орнату ұсынысы түспегенін мәлімдеді.
Алматы қаласының мәдениет басқармасына В.Жириновскийге ескерткіш орнату туралы өтініш түскен жоқ. Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия тиісті ұсынысты қарастырған жоқ,- деді Алматы қаласының әкімдігі
Айта кетейік, Жириновский 2022 жылы 6 сәуірде 75 жасында өмірден өткен. Ресейде оған арнап салтанатты рәсімдер өткізіліп, саясаткердің қызметіне байланысты кинофильмдер көрсетілген.
Сонымен қатар, 2024 жылдың 6 қарашасында Ресей президенті Владимир Путин 2026 жылы Жириновскийдің 80 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы Жарлыққа қол қойған болатын.