×

Ұлт денсаулығы – басты назарда

«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері №6 қалалық емхананың ұжымымен кездесті

Ұлт денсаулығы – басты назарда

«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері №6 қалалық емхананың ұжымымен кездесті. Кездесу барысында аманаттықтар ақ халатты абзал жандарға партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен таныстырып, 19 наурызда өтетін сайлауға белсене қатысуға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, жергілікті халық арасында «За линий» алқабы атанып кеткен аумақта орналасқан денсаулық нысанында бүгінде 45 дәрігер, 175 медбике қызмет етеді. Олар 24 бөліктен тұратын аумақ тұрғындарының денсаулығына жауапты. Әр аумақтағы дәрігерлер күн сайын кем дегенде 25-30 емделушіні қабылдайды.

Кездесу барысында облыстық мәслихаттың депуттаттығына кандидат Гулам Омаров партия жедел медициналық көмекті цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу мен телемедицина арқылы онлайн-консультациялар санын арттыру бойынша жұмысты жандандыруды мықтап қолға алатынын жеткізді.

«AMANAT» партиясы 15 денсаулық сақтау нысанының құрылысы сапалы және уақтылы болуына айрықша назарға алмақ. Біз «Ауылдық денсаулықты жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдық жерлерде 30 жаңа медициналық нысан ашу үшін шаралар қабылдаймыз. Қазіргі таңда бұл саланың дамуына серпін беретін 17 денсаулық сақтау объектісін күрделі жөндеуден өткізу және 11 нысанды қайта жаңарту аса маңызды», - деді Гулам Мұхтарұлы.

Бұдан кейін, облыстық сайлауалды штабының мүшелері балаларға арналған «Аяла» оңалту орталығында болды. Мұнда бүгінгі таңда бас-аяғы 105 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде, білікті 4 дәрігер мен 50 медбике бар. Қазіргі күні орталықта 100-ге жуық балақай ем қабылдауда. Олардың басым бөлігі жарақат алғандар мен жүйке жүйесінде ақауы бар бүлдіршіндер. Ақ халаттылар балақайлардың дертінен құлан таза айығып кетуі үшін медициналық тұрғыда көмек көрсетіп қана қоймай, оларға табиғат аясында түрлі әдістерді қолдануда.

Кездесуде облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Жанар Бүркітбаева партия балалалардың дені сау боп өсуі үшін кешенді шараларды жүзеге асыратынын атап өтті.

«Бала – біздің болашағамыз. Ал әр баланың дені сау, тәрбиелі әрі білімді болып өсуі аса маңызды. «AMANAT» партиясы дәл осы тұста кешенді шараларды іске асыруды қолға алмақ. Әрбір бүлдіршіннің қолжетімді медициналық көмекті дер кезінде алуы партияның қатаң қадағалауында болады», - деді ол.

Атап өтерлігі, соңғы жылдары өңірімізде денсаулық сақтау саласының 20 нысаны пайдалануға берілген. Мұндағы ішінде емхана, 15 дәрігерлік амбулатория, 4 фельдшерлік-акушерлік және 2 медициналық пункт негізінен ауыл-аймақтарда ашылып отыр. Жалпы, қазіргі уақытта облыста 466 денсаулық сақтау мекемесі бар. Оның ішінде, мемлекеттік 388 болса, жекеменшік нысан - 58. Облыстың медициналық мекемелерінде 15,7 мың дәрігер мен медбике жұмыс істейді.

Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →