×

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Ол 2024-2025 жылдары –  Абай облысы әкімінің кеңесшісі болған

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып белгілі журналист Азамат Әбілұлы Қасым тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өмірі мен қызметі

Қасымов Азамат Әбілұлы 1985 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған.

2009-2017 жылдары – «Шығыс Ақпарат» ҚМК қарасты Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.

2017-2020 жылдары –  республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.

2020-2021 жылдары –  «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының қазақ редакциясының шеф-редакторы.

2021-2022 жылдары –  республикалық «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.

2022-2024 жылдары  –  «Хабар агенттігі» АҚ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы меншікті тілшісі.

2024-2025 жылдары –  Абай облысы әкімінің кеңесшісі.

2025 жылдың 27 ақпанынан бастап Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар жұмсаған
Кеше, 21:34

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар жұмсаған

100 000 фунт стерлингке жуық Наполеонның хаттарын сатып алуға жұмсаған деп айыпталады
Бұл «алтын виза» Қазақстанда 10 жылға дейін тұруға рұқсат алу мүмкіндігін көздейді.
Ол бұған дейін Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры қызметін атқарған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →