×

"Терроризм мен экстремизм": Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Отырыста қоғамдық, экономикалық, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы мәселелер талқыланған

"Терроризм мен экстремизм": Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру үшін қабылданған Ұлттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқару жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарына сай былтырғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері қарастырылды. Үкімет пен бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы мәлімет берді. Кеңес отырысында әлі де пысықтауды қажет ететін, соның ішінде қоғамдық, экономикалық, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы мәселелер талқыланды.Үкімет пен бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары негізгі көрсеткіштердің орындалуы туралы мәлімет берді. Президент Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылуы нақты нәтижелермен бағалануға тиіс екеніне назар аударды. Оның қоғам үшін маңызы зор. Бұл ретте барлық саланы дамыту барысында азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздік факторы ескерілуге тиіс. Сонымен қатар жиында терроризмге және экстремизмге қарсы күрестің өзекті мәселелері қарастырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев террористік және экстремистік әрекеттердің қаупін азайту, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғанысты күшейту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады”, – делінген хабарламада.

Кеңес отырысында әлі де пысықтауды қажет ететін, соның ішінде қоғамдық, экономикалық, экологиялық және ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы мәселелер талқыланған. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға нақты тапсырма берілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар жұмсаған
03.05.2025ж. 21:34

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар жұмсаған

100 000 фунт стерлингке жуық Наполеонның хаттарын сатып алуға жұмсаған деп айыпталады
Бұл «алтын виза» Қазақстанда 10 жылға дейін тұруға рұқсат алу мүмкіндігін көздейді.
Ол бұған дейін Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры қызметін атқарған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →