×

Алмасадам Сәтқалиев жаңа қызметке тағайындалды

Осыған дейін Алмасадам Сәтқалиев ҚР Энергетика министрі болды

Алмасадам Сәтқалиев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: primeminister.kz

Алмасадам Сәтқалиев жаңадан құрылған Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Осыған дейін Алмасадам Сәтқалиев ҚР Энергетика министрі болды.

Бұл қызметке ол 2023 жылғы 4 сәуірде тағайындалған болатын. Оған дейін Сәтқалиев "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының төрағасы болды. Сондай-ақ ол "Қазтрансойл" АҚ, "KEGOC" АҚ, KAZENERGY ЗТБ-да лауазымды қызметтер атқарған.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойған еді. Жарлыққа сәйкес елімізде Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Зеленский президенттік қызметтен қашан кететінін мәлімдеді
25.09.2025ж. 15:31

Зеленский президенттік қызметтен қашан кететінін мәлімдеді

Ол соғыс аяқталғаннан кейін президенттік өкілеттігін тоқтатуға дайын екенін айтты
Украина президенті келіссөз өткізуге ықтимал мемлекеттердің ішінде Қазақстанды да атады
Кездесу БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында өтеді. 
Сот шешімі түпкілікті күшіне енді және қайта қарауға жатпайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →