×

Елдегі өзгерістерді соқыр ғана көрмейді деп ойлаймын – Ермұрат Бапи

Депутат реформаның жедел және баяу жүру формасын қай елдерден көруге болатынын айтты

Елдегі өзгерістерді соқыр ғана көрмейді деп ойлаймын – Ермұрат Бапи
Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутат Ермұрат Бапи Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаның қарқыны жайлы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Елдегі өзгерістерді соқыр ғана көрмейді. Ол қадау-қадау жасалып жатқан өзгерістер елдегі реформаның қазіргі жағдайдағы ең қолайлы нұсқасы деп ойлаймын. Негізінде реформаның жедел жүргізу формасын Грузиядан көрдік. Екі-үш жылдың ішінде реформа жүріп бітті, бірақ Грузия Абхазиядан, Оңтүстік Осетиядан айырылды», – деді мәжілісмен.

Сондай-ақ депутат реформаның баяу жүру формасын қай елден көруге болатынын айтты.

«Баяу жүру формасын Украинадан көрсек болады. Ол жақта реформа басталды, бірақ ондағы қоғамның жарты бөлігі Еуроинтеграцияға тартты, жартысы Ресейге тартты, жартысы ұлттық саясатқа тартты және соның нәтижесінде реформа жүрмей қалды. Ал нәтижесі – үлкен ғаламдық соғысқа айналып бара жатыр. Міне, осының екі ортасында біз қазіргі біздің елдегі өзгерістер жүргізу саясаты ең қолайлы жағдай деп ойлаймын. Біз біріншіден, мемлекеттік аппаратты, қоғамды және ең бастысы қоғамдық сананы реформалық түйсіктерге негіздеп алуымыз керек», – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Трамп Наурыз мерекесімен құттықтады
20.03.2025ж. 15:04

Трамп Наурыз мерекесімен құттықтады

АҚШ президентінің құттықтауы
Ұйымның кезекті XXХІV сессиясы Президент өкімімен белгіленген
Трамп жарлығынан соң іле-шала агенттік басшысының аға кеңесшісі Кери Лейк қол қойған хат жарияланды
Ерлан Қошанов "Президенттің саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңі" тақырыбында баяндама жасады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →