×

Тоқаев Досаевқа Алматының экология мәселесіне ден қоюды тапсырды

Президент Алматы әкімін қабылдады

Тоқаев Досаевқа Алматының экология мәселесіне ден қоюды тапсырды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездесіп, биылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары және қаланы өркендетудің перспективасы баяндады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ерболат Досаев президентке аталған кезеңде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 7 пайызға дейін артқанын, болжамға сай жыл қорытындысы бойынша өңірлік жалпы өнім 6,4 пайызға өсетінін мәлім етті.

"Президент тапсырмасына сәйкес, Алматыда экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қала әкімінің айтуынша, жыл соңына дейін құны 450 миллиард теңгеден астам қаражатқа 33 жаңа инвестициялық жоба іске асырылады. Биыл жалпы инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артады", - делінген Ақорда хабарламасында.

Алматы әкімі мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыратын "Таза Қазақстан" бағдарламасының орындалуы жайында мәлімет берді. Аулалар, көше-жол желілері мен жасыл аймақтарды кешенді түрде күтіп, баптау үшін үш жылдық келісімшарт тәсілі енгізілді.

Президент бұған дейін шаһардың экологиялық жағдайын жақсарту, жыл соңына дейін қаладағы қоғамдық көліктерді экологиялық талапқа толық сай ету, сондай-ақ Алматының көлік құрылымын қалыптастыру бойынша тапсырма берген болатын. Кездесуде осы жұмыстардың нәтижелері баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевқа экология мәселесіне ден қойып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, жыл соңына дейін сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Сондай-ақ Алматының орнықты дамуына қатысты берген тапсырмаларын мұқият орындау қажет екенін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді
Бүгін, 16:19

Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді

Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.
Ал экс-министр Марат Қарабаев президенттің 2025 жылғы 8 маусымдағы жарлығымен қызметінен босатылған болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →