×

Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев

Құжатта 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіп отырған

Жалған статистика: Миллиондаған тонна көкөніс, сүт, астық бәрі жоқ – Серік Егізбаев
Сурет: Бейнеден кадр/«Уәде» бағдарламасы

Jibek Joly телеарнасындағы журналист Ерболат Мұхамеджанның авторлық «Уәде» бағдарламасына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев қатысып, сұхбат берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.  

Бағдарлама барысында спикер агроөнеркәсіп кешеніндегі жалған статистика мәселесін ашық көтерді.

«Мен эфирде ашық айтып отырмын, Айдарбек Сейпеллович президенттің қабылдауында болды. Сол кезде ол статистика мәселесін көтерді. Жалған статистика, миллиондаған припискаларды айтты», – деді Серік Егізбаев.

Журналист мемлекет басшысы бұл деректерді көріп таңғалғанын естігенін айтты. Спикер бұл пікірді растады:

«Иә, таңқалды. Миллиондаған тонна сүт, миллиондаған тонна көкөніс, миллиондаған тонна астық – бәрі приписка болып кеткен. Өтірік. Жоқ», – деді ол.

Бағдарламада жалған дерек бергендерге қатысты жауапкершілік мәселесі де қозғалды. Журналистің «Жалған статистика үшін жазалану керек қой» деген сауалына Серік Егізбаев:

«Мен ондай ұсыныспен келісемін. Жазалану керек. Күні кеше ғана Үкіметтің картоп жөніндегі отырысында белгілі болды: жүз есе картоптың қоры өтірік, жалған. Маңғыстау алға шығыпты дейді. Жүз есе көбейтіп жіберіпті. 20 тонна ғана бар картопты, 2000 тонна деп жазып жіберіпті. Анау картоптың бағасы неге шарықтап кетті деп Үкіметте қаралды ғой. Бүкіл өңірлер мыңдаған тонна жоқ картопты жазып қойған. Неге олай істейді? Неден қорықпайды? Себебі статистика үшін жазаға тартылмайды», – деп жауап берді Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды
Бүгін, 01:47

Тоқаев бетті тұмшалайтын киімге тыйым салатын заңға қол қойды

Бұл тыйым заңда көзделген ерекше жағдайлардан басқа барлық жағдайларға қолданылады.
Президент Тоқаев тиісті заңға қол қойды
Ресейдің құқық қорғау органдары әзірбайжан азаматтарына ұлтына байланысты қатыгездік көрсеткен.
Осылайша депутаттар екі айлық каникулға кетті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →