×

Танымал журналист Лұқпан Ахмедяровты полиция ұстап әкетті

Танымал журналист Лұқпан Ахмедяровты полиция ұстап әкетті

Журналист Лұқпан Ахмедияров өзін Астанада полиция қызметкерлері ұстағанын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желідегі парақшасына журналист видеоны полиция көлігінің ішінде түсірген.

Ахмедьяров өз ұсталуын Батыс Қазақстаннан ер адамдардың Ресейге жұмыс істеуге апарылып, кейін оларды Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасауға мәжбүрлеп жатқаны туралы жарияланымдарымен байланыстырады.

Жаңа ғана түсірілім жүргізіп жатқанбыз. Мені жаңа ұстады. Полиция қызметкерлері күштеп көлікке отырғызды. Ешқандай түсінік берерлік қағаз көрсеткен жоқ. Рауль мен Еркебұланды да ұстамақ. Менің үстімнен қылмыстық іс қозғалғанын айтты, сол іс шеңберінде жауапқа тартқалы жатыр. Қазір біз полицияға бара жатырмыз. Нақты қайда апара жатқанын білмеймін. Мені Триатлон бақтың маңайында ұстады, – дейді ол.

Лұқпан Ахмедьяров Ресей-Украина соғысына қатысып жатқан этникалық қазақтарды жіті бақылап отырады. Ол өткен жылы Ресей қарулы күштері қатарына алынып, Украинада қаза тапқан қазақстандықтар туралы бірнеше рет ақпарат жариялаған. Осыған байланысты 2024 жылдың жазында Орал қаласының бұрынғы тұрғыны Ахмедьяровқа қатысты қылмыстық іс қозғауды талап еткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →